Жахан Отарғалиев үш күннің ішінде халықтан 44,5 миллион теңге жинады

Бұл туралы Жахан Отарғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Актер Жахан Отарғалиев блогерлермен бірігіп үш күннің ішінде халықтан 44,5 миллион теңге жинады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Мына керемет эмоцияның демеушісі – сіздер. Біз 44 500 000 теңгені 3 күнде жинадық, сенесіз бе? Бұрын-соңды мұндайды көріп пе едіңіз?", – дейді ол.

Актер жиналған қаражатқа мұқтаж отбасына үй әперетінін айтқан. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.