Баласын қандала шаққан ата-ана лагерь басшысының үстінен шағымданды

БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 15-19 шілде аралығында «Атамекен» орталығында № 42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушылары үшін екі күндік жаяу жорық ұйымдастырылған.

Оралда «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында болған баланы қандала шаққаны жөнінде мәлімет тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың анасы Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткендей, ұлы № 42 «Ақ ниет» гимназиясының 7-сыныбында оқиды.

Оның жазуына қарағанда, биыл оқушыларды «Атамекен» балалар лагеріне 5 күнге тегін демалуға жіберген.

Балалар 15-19 шілдеде лагерьде болған. Ұлы 19 шілдеде лагерьден келгенде, үсті-басын қандала шағып тастағанын көрген. Мұндай жағдай онымен бірге демалған басқа да балаларда болған. 

БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 15-19 шілде аралығында «Атамекен» орталығында № 42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушылары үшін екі күндік жаяу жорық ұйымдастырылған.

«Атамекен» орталығы басшылығының түсіндіруінше, жазғы демалыс, жаяу туристік жорықтар және практикалық сабақтар кезінде жәндіктердің шағуына байланысты оқушылардан, мектеп басшылары мен лагерь қызметкерлерінен шағым түспеген. Орталық медициналық қызметкермен қамтамасыз етілген. Демалыс бөлмелері санитарлық талаптарға сәйкес күн сайын жиналады. Ауысымдар арасында 2 санитарлық демалыс күні белгіленген. Қазіргі таңда туристік дағдыларға оқыту бойынша практикалық сабақтар тоқтатылды. Аталған корпусты дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оқиға практикалық сабаққа қатысқан балаға байланысты болғандықтан, осы жорықтар тоқтатылды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы практикалық сабақтар өтетін ғимаратта жұмыс істеуге рұқсат берсе, осы бағыттағы жұмыстар жалғасады», – деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі осы мәселе бойынша қалалық басқармаға 22 шілде күні шағым түскенін жеткізді.

Қазір қаралу үстінде, соның қорытындысына сәйкес қосымша мәлімет беріледі. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда лагерьде баланың соққыға жығылуына байланысты тәлімгер қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.