Елдос Сметов Париждегі Олимпиада чемпионы болғаны үшін қанша көлемде сыйақы алады?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елге Олимпиада ойындарының «алтынын» әкелген спортшы 250 000 доллар алады.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиаданың алтын медалі үшін қомақты жүлдеге ие болады, - деп жазады Aikyn.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елге Олимпиада ойындарының «алтынын» әкелген спортшы 250 000 доллар алады. Сондай-ақ Олимпиада жүлдегерлері үшін мынадай жүлделер белгіленді: күміс медаль – 150 000 доллар, қола – 75 000 доллар.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың бірінші күні 10 метрге пневматикалық мылтықтан ату бойынша аралас командалық жарыста өнер көрсеткен Ислам Сәтбаев пен Александра Ле қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.