Дмитрий Баландин әке атанды

Ол – Қазақстан тарихындағы жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы.

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин әке атанды. Спортшы қуанышты хабарды Instagram желісіндегі Stories-ке жариялады.

Дмитрий Баландин 2022 жылы Кристина Тыныбаевамен шаңырақ көтерген еді.

Еске салайық, Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасында топ жарды. Ол брасс әдісімен 200 метр қашықтыққа жүзуден алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, жүзу спортынан Олимпиада чемпионы болған Қазақстан тарихындағы тұңғыш спортшы атанды.

Сондай-ақ Баландин – Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. Ал оның жұбайы Кристина Тыныбаева бұған дейін синхронды жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болған. Дмитрий Баландин 2022 жылы 27 жасында мансабын аяқтау туралы шешім қабылдаған еді.