Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды.

Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды,  деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Еl.kz сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, өткен айда әлеуметтік желіде Астанадағы көшелердің бірінде ер адамның әйелді шашынан сүйреп, аясуыз ұрып жатқан видео кеңінен тараған еді. Kozachkov offside Telegram арнасы видеодағы агрессор танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін жазды.

Көп ұзамай Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатын.