Оралда 67 жастағы зейнеткер әйелді көршісі өлтірген болып шықты

31 шілде күні болған оқиға орнына жедел тергеу тобы және басқа қызметкерлер дереу жіберілді.

Оралда жеке үйлердің бірінде зорлықпен өлтірілген 1957 жылғы әйелдің мүрдесі табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 шілде күні болған оқиға орнына жедел тергеу тобы және басқа қызметкерлер дереу жіберілді.

«Оқиға орнын мұқият қараған кезде бөлмелердің бірінен криминалистер айғақ заттар тапты. Криминалистік есептер бойынша тексеру барысында бұл заттар Орал қаласының 28 жастағы тұрғынының деректерімен сәйкес келді. Ол марқұммен көрші тұрған. Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай айғақтар алынды. Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомство.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.