Big Tech топтар (технологиялық алпауыттар) ЖИ-ға бөлетін инвестицияларын айтарлықтай өсірді. Олардың ЖИ шығындары 100 миллиард доллардан асты.
Жасанды интеллектіге 106 миллиард доллар қаржы бөлінеді. Бұл республикалық бюджеттен 2 есе көп
Big Tech компаниялар ЖИ-ді қолдайтын инфрақұрылымды дамыту үшін жарысуда, олар күрделі шығындарын 100 миллиард доллардан асырды. Сурет wsj.com сайтынан алынды
1,676
оқылды

Алпауыт технологиялық топтардың ЖИ-ға бөлетін инвестициялары өсетінін  Financial Times хабарлады. Осы материалға сүйенген Aikyn.kz бұл болжамның экономикалық және технологиялық негіздерін түсіндіреді.

2024 жылдың алты айында Microsoft, Meta, Amazon және Google жасанды интеллект жүйелеріне құятын инвестицияларын айтарлықтай өсірді. Коллаж internetua.com сайтынан алынды

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Microsoft, Meta, Amazon және Google жасанды интеллект жүйелеріне құятын инвестицияларын айтарлықтай өсірді. Wall Street болса мұндай инвестициялардың тиімді екеніне үлкен күмәнмен қарауда. Сондықтан Big Tech акциялары төмендеп жатыр.

Ірі технологиялық компаниялар жасанды интеллекті қолдайтын инфрақұрылымды дамыту үшін жарыса отырып, биылғы жылы күрделі шығындарын 50%-ға арттырып, 100 миллиард доллардан асырды. Microsoft, Alphabet, Amazon және Meta 2024 жылдың алғашқы алты айында өз шығындары 106 миллиард долларға өскенін хабарлады. Олардың көшбасшылары «келесі 18 айда бұл инвестициялар жылдам өседі» деп уәде беруде.

«Қазір тәуекелге барып, қуаттылықты өсіру үшін осындай шешім қабылдағанды жөн көремін», – деп мәлімдеді осы аптада Meta басшысы Марк Цукерберг. Facebook-тің иегер компаниясының капиталдық шығындары биылғы жылы 40 миллиард долларға жетуі мүмкін.

Dell'Oro Group сарапшылары келесі бес жыл ішінде деректер орталықтары сияқты инфрақұрылымға 1 триллион долларға дейін қаржы құйылатынын айтуда. Фото irishtimes.com сайтынан алынды. Авторлығы: iStock

Dell'Oro Group сарапшылары келесі бес жыл ішінде деректер орталықтары сияқты инфрақұрылымға 1 триллион долларға дейін қаржы құйылатынын айтуда. Мұндай мәлімдемелерден кейін өткен жұмада Nasdaq АҚШ-тағы жаңа жұмыс орындары санының әлсіздігі жағдайында биржа индекстері төмендей бастады. Әсіресе, чип өндіруші компаниялардың акциялары (оның ішінде жетекші Nvidia да бар) өткен аптада құбылмалы болды. Өйткені инвесторларға Big Tech компаниялардың жоспарлары ұнамаған. Ал Google, Microsoft және Amazon акциялары кірістер туралы есептер жарияланғаннан кейін бірден құлдырай бастады. 

Цукерберг өзінің келесі үлкен тіл үлгісін үйрету үшін қажет есептеу қуатының көлемі алдыңғы нұсқаға қарағанда «шамамен 10 есе көп» болады деп есептейді. Ол кейбір ЖИ мүмкіндіктері, ЖИ чат-боты бірнеше жылдан кейін ғана «өздігінен» пайда әкеле бастайтынын мойындаған.

Google компаниясының бас директоры Сундар Пичай болса: «Технологияда, сіз осындай ауысуларды бастан өткергенде... [ЖИ-ға] артық инвестициялау емес, аз инвестициялау қаупі айтарлықтай жоғары екенін түсіну керек», – деген.

Big Tech топтардың инвестициясының көп бөлігі жер сатып алуға және бұлттық есептеулер үшін жаңа деректер орталықтарын (data center) салуға бөлінеді. Фото kkr.com сайтынан алынды

Google-дің иегер компаниясы Alphabet өткен аптада 2024 жылдың алғашқы екі тоқсанында капиталдық шығындардың 90%-ға 25 миллиард долларға дейін өскенін, Microsoft сейсенбіде (30 шілде) 78%-ға 33 миллиард долларға дейін өсірді.

Бірінші жартыжылдықта Amazon-ның жылжымайтын мүлік пен аппараттық инвестициялары, электрондық коммерция және логистикалық желіге жұмсалған шығындары 27%-ға өсіп, 32,5 миллиард долларға жеткенін компания бейсенбіде (1 шілде) хабарлады.

Үлкен технологиялық топтардың инвестициясының көп бөлігі жерді сатып алуға және олардың бұлттық есептеулері үшін жаңа деректер орталықтарын (data center) салуға жұмсалады. Бөлініп жатқан миллиардтаған қаражат аппараттық құралдарын сатып алуға, соның ішінде көбінесе Nvidia-ның чиптеріне, чат-боттар үшін үлкен тіл үлгілерін үйрету және іске қосу үшін қажет.

Жоспарланған қызметтердің көпшілігі әлі толық іске қосылмаса да, компаниялар процестерді автоматтандыру және өнімділікті арттыру үшін генеративті ЖИ үлгілерін сынап жатқандықтан, бұлттық қызметтерге сұраныс күрт өскен. Сонымен қатар OpenAI, Anthropic, Илон Масктың xAI және француздық Mistral сияқты стартаптар жетілдірілген LLM-дерді оқытуға қажет есептеу ресурстары үшін бәсекелесуде.

«Миллиардтар» фильміндегі келіссөз жүргізу технологиясы жаңа заман адамына пайдалы болады: 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.