Good Good Golf бренді әйел гольфшыны итеріп жіберу бейнеленген жарнамадан кейін басшылық құрамын өзгертті. Дау салдарынан компания ірі серіктестерінен айырылды.
Гуманоид роботтардың дүниежүзілік ойындары технологиялық жетістіктермен қатар күлкілі сәттермен де әлем назарын аударды. Бейжің бұл жарысты өзінің робототехникадағы басымдығын көрсетуге пайдаланды.
Бағдарламалауға болатын Microduck робот-үйрегіне сұраныс алғашқы күндері-ақ күрт өскен. Құны 399 доллар болатын шағын роботқа Қытайдың Rockchip компаниясының чипі қойылған.
Автоматты көлік нөмірін тану камераларына рұқсат берілмейтін болды. Бұндай шешім жеке өмірге қол сұғу және жаппай бақылау жөніндегі алаңдаушылық күшейген кезде қабылданды.
Тағы бір мемлекет қайраткері БҰҰ Бас хатшысы қызметіне таласқа қосылды. 75 жастағы дипломат Антониу Гутерриштің орнына үміткер жеті кандидаттың бірі атанып отыр.
Біреу жасыңызға, тәжірибеңізге немесе біліміңізге қарап қабілетіңізді төмен бағаласа, онымен бірден дауласа кетудің қажеті жоқ. Сарапшы бұндай жағдайда Долли Партон қолданған тәсіл адамның абыройын сақтап, қарсы тараптың мысын басатынын айтады.
Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде үндістандық үкіметтің басшысы Украинадағы соғысты тоқтатып, әскери қимылдарды доғаруға шақырды. Бұл мәлімдеме Вашингтон Ресей мұнайын сатып алатын елдерге жаңа тариф енгізуді қарастырып жатқан кезде жасалды.
Ормуз бұғазындағы жағдай қайта шиеленісті. Қақтығыстың күшею қаупі мұнай бағасын көтеріп, Brent баррелінің құнын 90 доллардан асырды.
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы 20 жылдық мансабын аяқтады. Соңғы әлем чемпионатында Испаниядан жеңілу оның қоштасуының ертегідей болуына кедергі болды.
Коммерциялық құпияларды ұрлады деген айыптаулар жоққа шығарылды. ЖИ компаниясының пікірінше, Apple сот арқылы болашақ бәсекелесінің дамуын тежегісі келеді.
Флоридадағы мұхит жағалауындағы үй 59,95 млн долларға сатылымға шығарылды. Бұл үйді ол 2018 жылы 3 есе арзан бағаға алған екен.
Вице-президент Мичигандағы сенаторлыққа Демократиялық партиядан үміткер Абдул Әл-Сайедпен сөз таластырып қалды. Джей Ди Вэнс әйелін саяси пікірталасқа араластырмауды талап етті.
Anthropic ЖИ модельдеріне қажетті есептеу қуатын арттыру үшін 35 млрд долларлық ірі келісім жасады. Техастағы жаңа дата-орталыққа Nvidia өзінің чиптерін орнатумен бірге орталықты жалға алушы ретінде де қатысады.
Грег Чизм қарапайым көгал күтушісінен YouTube-та миллиардтаған қаралым жинаған контент авторына айналды. Алгоритмнің талабына бейімделе берген оның видеолары ақырында үлкен дауға ұласып, арнасының жабылуына және отбасының тергелуіне алып әкелді.
Бұл компания ЖИ-ді әскери мақсатта пайдалануға қойған шектеулерге байланысты Пентагонмен сотта жеңіске жетті. Калифорниядағы федералдық сот АҚШ билігінің компанияға қарсы әрекетін «заңсыз жауап шарасы» деп таныды.
3D-принтерде жасалатын арзан дрон ұстағыштарды Қытай компаниялары жаңа экспорттық өнімге айналдыруға ұмтылып отыр. Украина мен Ирандағы қақтығыстар бір реттік шабуылдаушы дрондардан қорғанудың тиімді әрі арзан тәсілдеріне сұранысты күшейтті.
ЖИ ғасырдан астам уақыт бойы орныққан нарықтық экономика қағидаларын өзгертуі мүмкін. Оның зор көлемдегі деректерді жинап, талдау қабілеті орталықтандырылған жоспарлауға байланысты ескі пікірталасқа жаңа серпін беріп отыр.
Кино және онлайн-контент индустриясында ЖИ құралдары актерлерді жаппай алмастыруда. Миллиондаған адамның табыс көзіне айналған салада цифрлық актерлер мен жүргізушілер әлдеқайда арзан екен.
Президенттің әкімшілігі халық санағын жүргізудің қалыптасқан қағидаттарын өзгертуді көздеп отыр. Ел тұрғындарының қай бөлігі санаққа кіреді, кімдер одан тыс қалады деген мәселе пікірталас тудырды.
Бұл компания ЖИ индустриясындағы мол табысын бөлісетін болды. Дивидендтер мен акцияларды кері сатып алуға 80 млрд долларға дейін қаражат жоспарланған.
Nvidia бір жыл бұрын ірі клиенттеріне өз чиптерін сатып алу үшін қомақты несие бере бастады. Бүгінде компания ауқымды инвестициялық жүйе құруға көшті.
Көшкен азаматтар мен елге қайтып оралғандар арасындағы алшақтық бұл елде жыл сайын ұлғайып келеді. Әсіресе, жастар арасында шетелге қоныс аударуға қызығушылық күшейген.
Оның президенттік мерзімінің 40 пайыздық (2/5) бөлігі өтті. Осы уақытта әлемдегі ең ірі экономика қалай өзгерді? Президент уәдесін орындады ма?
ASML компаниясы Қытайға жартылай өткізгіш жасауға аса қажет жоғары технологиялық жабдық жеткізді деген күдік күшейді. Бұл АҚШ әкімшілігінің алаңдаушылығын туғызды.
ЖИ модельдері кибершабуылдарды анықтап қана қоймай, оларды өздігінен жүзеге асыра алатын деңгейге жақындады. OpenAI әзірлеген ЖИ агентінің сынақ шеңберінен шығып, басқа компанияның жүйесіне шабуыл жасауы Батыс елдерінде алаңдаушылықты күшейтті.
Ұлыбританияда Ирандағы соғыс салдарынан жанармай бағасы күрт өсіп, бензин, дизельмен жүретін көлікке толтырып жанармай құю алғаш рет 100 фунт стерлингке жетті.
Қытайда жасалған озық робот жүйелерінің импортына Америка тыйым салды. ЖИ мен робототехника саласындағы технологиялық бәсекенің жаңа кезеңі басталды.
Сымсыз жаңарту технологиясы жаңа бағдарламалық жасақтама, қауіпсіздік түзетулері мен деректерді көліктерге қашықтан жүктеуге мүмкіндік береді. Бірақ оның қауіпті жағы да бар.
Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Бірнеше тілді тұрақты қолдану мидың жас ерекшелігіне байланысты әлсіреуін баяулатады. Жаңа зерттеу көптілді адамдардың ми белсенділігі олардың нақты жасынан әлдеқайда «жас» болатынын көрсетті.
Шығыс Еуропа елдері электр энергиясын үнемдеу шараларын күшейтуде. Бұған Еуропадағы ең ірі өзендердің бірі – Дунайдағы су деңгейінің тарихи минимумға дейін төмендеуі себеп болған.
Америкалық президент Exxon мен Chevron компанияларын қатаң сынға алды. Энергетикалық алпауыттар әлемдік нарықтағы дағдарысты пайдаланып, шамадан тыс табыс тауып келген. Сондықтан жанармай бағасын төмендетуге тиіс.
Инвесторларды тарту үшін Apple өнімдеріне салықтық жеңілдіктер беріледі. Осы елдің үкіметі жоғары технологиялық өндірісті күшейту мақсатында шетелдік компанияларға берілетін салықтық жеңілдіктерді ұзартуды ұсынды.
АҚШ демократиялық партиясының ішкі тартысы барған сайын Израиль мен Газа мәселесіне тіреліп отыр. Сыртқы саясат америкалық сайлауларда әдетте шешуші рөл атқармайтын. Бұл жолы – бәрі басқаша.
Наурызда қабылданған Конституцияда заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше мән берілген. Жаңа Ата Заң тарихи-технологиялық кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп, цифрлық ортада азаматтардың дербес деректерін қорғауды басымдық деп таниды.
Amazon-ның нарықтық капитализациясы алғаш рет 3 трлн доллардан асты. Ол Apple, Microsoft, Alphabet және Nvidia-мен бірге осындай межеге жеткен әлемдегі бесінші компания атанды.
Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармердің үлкен саясаттан кетуі және Францияда болатын президенттік сайлау Еуропада жаңашыл ойлайтын көшбасшыларды билікке әкелері анық. Бұл өзгерістер Украинаға қолдау көрсетудің болашағын күмәнді жасауда.
АҚШ-та Демократиялық социалистер ұйымының (DSA) ықпалы күшейіп келеді. Чикагода өтетін саммитінде ұйым Сенатты тарату, шетелдегі америкалық әскери базаларды жабу сияқты даулы ұсыныстар талқыланбақ.
Жастардың психикалық денсаулығына зиян келтірді деген айыппен Meta, Snap және ByteDance компанияларына қарсы сот ісі басталды. Айып: әлеуметтік желі алпауыттары балаларды өз платформаларында ұзақ ұстау үшін тәуелділік тудыратын тетіктерді әдейі пайдаланад...
Бағдарламалау тапсырмаларына арналған жаңа V4 Flash жасанды интеллект моделі таныстырылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл жаңалық AI индустриясында баға бәсекесін күшейтіп, ЖИ қызметтерін жаппай қолжетімді тауарға айналдырады.
Samsung компаниясы Google және танымал Gentle Monster мен Warby Parker брендтерімен бірлесіп ақылды көзілдірік жасады. ЖИ-мен жабдықталған Galaxy Glasses көзілдірігі таңғалдырады.
Apple-дің бас директоры смартфонға орнатылған ЖИ-ді компанияның стратегиялық артықшылығы әрі «бәсекелік қаруы» деп сипаттады. Бұндай гибридті тәсіл олардың құрылғыларын бұлттық инфрақұрылымға тәуелді қарсыластарынан ерекшелеп тұрады.
Apple компаниясы жаңа iPhone 18 смартфонының таныстырылымы қарсаңында өнім бағасының өсуі «шарасыз қадамға» айналғанын мәлімдеді. Жаңа iPhone-ның бағасы қандай болады?
Tesla Қытайдағы бөлімшесін сату, бөлек құрылымға айналдыру немесе жабу мүмкіндігін қарастырып жатыр деген ақпарат таралуда. Бұған Илон Маск не деп жауап берді?
Anthropic компаниясы жақында Claude жасанды интеллект модельдері үш ұйымның жүйесіне рұқсатсыз енгенін мәлімдемеді. Бұл төтенше оқиға жасанды интеллектінің киберқауіпсіздік саласындағы жаңа мүмкіндіктері мен тәуекелдерін тағы бір дәлелдеді.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды әрі ең табысты турнир ретінде аяқталды. Финалда Испания Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
JPMorgan Chase-дің CEO-сы ғаламдық экономикаға төнген геосаяси және фискалдық қауіптер жете бағаланбай отырғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, қазіргі активтер ықтимал дағдарыстарды толық ескермейді.
Қытайлық автомобиль нарығы биыл күрделі дағдарысқа тап болды. 2025 жылғы рекордтық сатылымнан кейін сұраныс күрт әлсіреп, биылғы алғашқы жартыжылдықта жеңіл көлік саудасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеген.
OpenAI-дың бақылаудан шыққан моделі Hugging Face стартапына кибершабуыл жасады. OpenAI бұл оқиғаны қауіпсіздік саласындағы «бұрын-соңды болмаған» жағдай деп атады.
Вице-президент пен жұбайы төртінші перзенттерінің дүниеге келгенін жариялады.