Қазақстан таэквондошыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Париждегі жазғы ойындарда аталған спорт түрінен екі қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

Париж Олимпиадасында таэквондодан жеребе тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, Париждегі жазғы ойындарда аталған спорт түрінен екі қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

58 келідегі Самирхон Абабакиров италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шығады. Бұл кездесу ертең, 7 тамыз күні, 1/8 финал аясында өтеді. 

9 тамызда 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Батырхан Төлеуғали даянгке шығады. Оның бірінші қарсыласы – малилік Исмаил Кулибали.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.