Баян Мақсатқызы 50 жасында үшінші қызын өмірге әкелгенін айтқан болатын.
«Маған жұғысты болсын»: Ерке Есмахан сәбилі болған Баян Мақсатқызын құттықтады
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
6,355
оқылды

Әнші Ерке Есмахан жақында ғана сәбилі болған продюсер Баян Мақсатқызын құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі өзі де қызды болуды армандайтынын атап өтті.

"Баян Мақсатқызы, құттықтаймын! Бауы берік болсын! Жұғысты болсын маған кішкентай ханшайым", – деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, продюсер Баян Мақсатқызы 50 жасында үшінші қызын өмірге әкелгенін айтқан болатын. Ол қызына Алиса деген есім берген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.