Мерген Ислам Сәтпаевқа және гимнастикадан тарихи жүлде жеңіп алған Нариман Құрбановқа "Ел қорғаны" медалі табысталды.
Париж Олимпиадасы: Нариман Құрбанов пен мергендер елге оралды
Фото: KAZ.NUR.KZ
2,367
оқылды

7 тамыз күні таңертең Қазақстанның спорттық гимнастика және оқ ату құрамасының мүшелері елге оралды. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының күміс және қола жүлдегерлері де бар, –  деп хабарлайды Aikyn.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Алматы тұрғындары мен БАҚ өкілдері спортшылар мен бапкерлерді сән-салтанатпен күтіп алды. Олардың қатарында Олимпиаданың күміс және қола жүлдегерлері Александра Ле, Ислам Сәтбаев, Нариман Құрбанов сондай-ақ Константин Малиновский, Арина Алтухова және Милад Карими бар.

Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген қазақстандық мерген Ислам Сатпаевқа және гимнастикадан тарихи жүлде жеңіп алған Нариман Құрбановқа "Ел қорғаны" медалі табысталды.

Сонымен қатар гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшелері Нариман Құрбанов пен Милад Каримиге тағы бір тосынсый ретінде 1 миллион теңгелік сертификат тарту етілді.

Еске салайық, Александра Ле мен Ислам Сәтбаев 27 шілдеде 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді. Бұл Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаль болды.

Ал Нариман Құрбанов 3 тамызда тұтқалы ат жаттығуының ақтық кезеңінде 15,433 ұпай жинап, күміс медаль еншіледі. Осылайша спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.