Жақсы жаңалықты ақын жеке парақшасында жариялады.
Ақтөбеге көшеміз: Танымал ақынға жеке кәсіпкер пәтер сыйлады
542
оқылды

Белгілі ақын Ершат Қайболдин өзінің туған өңірінен пәтерді сыйлыққа алды, деп жазады Aikyn.kz.

“Сүйінші, ағайын! Мен енді Ақтөбенің тұрғынымын. Атымтай-жомарт кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов ағам Ақтөбенің төрінен үй сыйлады. Ағама Алла разы болсын, мен риясыз риза болып қалдым. Әулетіне бар жақсылықты тілеймін. Кәсібі берекелі болып, абыройы аспандай берсін!" – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жаңалыққа қуанып жатыр. 

“Нұрболат енді сүйіншіге 20 мың салып жіберсін”, “Құтты шаңырақ болсын!”, “Қаланың тұрғыны болғаныңа қуаныштымыз”, “Топырлатып туа берсең жыл сайын, өзі ақ қуып жібереді шешеміз. Содан кейін Ақтөбеге көшеміз” деген өлең жолдарың орындалды”, “Абдуллиннің құттықтауға жүзі батпай отырған шығар”, – деп жазды оқырман қауым.