Бибігүл Төлегенова ешбір некесі сәтті болмағанын жеткізді.
"Үш рет тұрмыста болдым, үшеуі де сәтсіз болды": Бибігүл Төлегенова жеке өмірі жайлы айтты
Фото: dimash-dostar.com
2,651
оқылды

Опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өмірі жайлы айтты. Өнер иесі үш рет тұрмыста болғанын жасырмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бибігүл Төлегенова ешбір некесі сәтті болмағанын жеткізді.

"Бір әйел бақытын күйеуінен табады, ал басқасы өз шығармашылығынан табады. Мен мысалы, тек өзімнің шығармашылығымнан таптым. Мен ешбір ер адамнан, ешбір күйеуімнен қолдау көрген жоқпын.

Шынымды айтсам, отбасылық бақыт жайлы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым, үшеуі де сәтсіз болды. Яғни, менің бақытым - шығармашылығымда. Құдайға шүкір, балаларым бар. Үш балам бар. Маған басқа ештеңе керек емес", – деді Төлегенова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.