Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа көлік табыс етілді

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөліктің кілті табыс етілді.

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөліктің кілті табыс етілді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оған Allur компаниясы Skoda Kodiag көлігін табыс етті.⠀

Компанияның президенті Станислав О-Юн-Бем спортшыға автокөліктің кілтін тапсырып тұрып, алдағы жарыстарына табыс тіледі.

"Біз Нариманмен мақтанамыз. Ол болашақта еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды шырқатады деп ойлаймыз. Солай болатынына сенеміз", - деді ол.

Құрбанов болса компанияға сыйлық жасағаны үшін алғысын айтты.

"Бұл сыйлық мені алдағы уақытта болатын жарыстарға ынталандырады. Сіздерге көп рақмет!", - деді ол.

Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасында қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында күміс жүлдеге ие болды. Ол жаттығуы үшін 15, 433 ұпай алды. Ирландиялық Рис Маккленаган (15, 533) олимпиада чемпионы атанған. Қола медаль америкалық Стефан Недорошик иеленді - 15, 300. Бұл – Қазақстанның гимнастикадан Олимпиада ойындарында алған ең алғашқы медалі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.