Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға үш бөлмелі пәтер берілді

Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбекке 2 бөлмелі пәтер берілді.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен қола медаль иегері Назым Қызайбайға пәтер берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Қанат Әбілқайыр бөлісті.

“Париж Олимпиадасынын жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Назым Кызайбайға Алматы облысы әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің бастамасымен, облыстағы кәсіпкерлердің демеушілігімен 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды”, – деп жазды ол.

Сонымен қатар Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбекке 2 бөлмелі пәтер берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.