Депутат Демеу Жадыраев пен бапкеріне қаржылай сыйлық табыстады

Марат Қойлыбаев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовқа 10 миллион теңгеден табыстады.

Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовқа 10 миллион теңгеден табыстады. Бұл туралы Ербол Сейілхан желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«Марат Қойлыбаев ағам мәрт екен. Ұлт жанашыры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа сый-сияпатын жасады. Демеудің жеке бапкері Боранбек Қоңыратовты да ренжітпепті. Оған да 10 миллион берді. Міне, Алаштың бір ұлы деп қолдап, қолтықтан демейтін осындай жөн, жол білетін ел ағалары көп болсын», – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.