Биыл «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалы демеушілердің және нысаналы трансферттер қаражаты есебінен 95 балаға мектеп сөмкелерін сатып алды.
Қайырымдылық – адамгершілік белгісі
Фото: istockphoto.com
718
оқылды

Қазір «Баланы мектепке даярлайық!» атты «AMANAT» партиясының дәстүрлі қайырымдылық акциясы жүріп жатыр.

Акцияға ауданымыздан белсенді азаматтары атсалысып жатыр. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкер де бар. Волейболдан мемлекеттік қызметшілерден құралған Ақжайық ауданы әкімдігінің команда мүшелері 10 дана сабақ құралдары салынған мектеп сөмкелерін алып берді.

Мемлекеттік қызметпен қатар спортты да серік етіп жүрген азаматтар қайырымдылық жасаудан да шет қалып отырған жоқ.

Биыл «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалы демеушілердің және нысаналы трансферттер қаражаты есебінен 95 балаға мектеп сөмкелерін сатып алды.  

Сөмкелер аудандағы барлық білім ордаларындағы аз қамтылған отбасыларының балаларына табысталады.

Осы кезге дейін аудандық партия филиалына аудандық мәслихат депутаты, мәслихат төрағасы С.Сиражев,  "A-Z STROY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, меценат А.Насиолла демеушілік көмек көрсеткен болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.