Әнші туған күнімен қоса өзі басшылық ететін радионың бір жылдығын әріптестерімен Республика сарайында атап өтті.
Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншінің туған күнінде тосынсый жасады
6,385
оқылды

Әнші Мейрамбек Бесбаев 48 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz.   

Әнші туған күнімен қоса өзі басшылық ететін радионың бір жылдығын әріптестерімен Республика сарайында атап өтті. Бұл күні концертке жиналған екі мың адам керемет кештің куәсі болды.

Әншінің жұбайы Мархабат Бесбаева концерт кезінде сахнаға торт алып шығып, күйеуін туған күнімен құттықтады. 

“Республика сарайы сахнасында Мейрамбекті туған күнімен барша көрерменмен бірге құттықтадық! Жаса, қазақтың Мейрамбегі!”, – деп жазды әріптесі Сәкен Майғазиев. 

Айта кетейік, жақында әншінің Айзия атты қызы өмірге келді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.