Танымал боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді

Алматы қалалық Полиция департаменті де бұған қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Письма президенту» телеграм-арнасында жарияланған ақпаратта 19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты 5-шағынауданда зорлық болды деген хабар келіп түскені айтылады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдады.

Алматы Полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

– Арыз бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.