ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастады

Бұл жаңалықты ҚТЖ мәлімдеді.

Ұлттық компания Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда, деп жазады Aikyn.kz. 

"Биылғы 23 тамызда Алтынкөл стансасында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі", – деп жазды ұлттық компаниядан.

Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге – Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.