Астанада Достық пен Ақмешіт көшелері жабылды

Тұрғындар мен қонақтар жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Елордада Достық пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіліп жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Осыған байланысты 24-25 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылып жатыр", – деп қосты ведомство.