«Чемпиондар осылай шынығады»: Демеу Жадыраевтың бала кездегі видеосы тарады

Бейнежазбадан Бішкектегі турнирге қатысқан спортшының күресіп жатқан сәтін көруге болады.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың бала кезде түсірілген видеосы тарады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бейнежазбадан Бішкектегі турнирге қатысқан спортшының күресіп жатқан сәтін көруге болады. Видеоны қырғызстандық спорт журналисі Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

"2001 жыл. Республикалық олимпиадалық резерв колледжінің 30 жылдығына арналған Бішкекте өткен турнир. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, кілемде күресіп жатқан Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық Демеу Жадыраев", – деп жазды журналист. 

Желі қолданушылары спортшыға қолдау білдірді.

"Чемпиондар осылай шынығады", "Спорттағы қанша жылғы еңбек", "Шұлықпен күрескен кездер-ай" деп жазды оқырмандар. 

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында 77 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @tahir__gafurov

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.