Павлодарда мемлекеттік мүліктің заңсыз сатылып кеткені анықталды

Қазір меншік иесінің құқығын жою және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Павлодарда облыстық прокуратура мемлекеттік мүлікті сату бойынша заңсыз сауда-саттықтың күшін жойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Павлодар облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Павлодар қаласының Шығыс өнеркәсіптік аймағында орналасқан ЖЖМ сақтауға арналған 5 орын мен ауданы 0,5 га жер учаскесі бар 2 қабатты мүліктік кешенді аукционда 8,3 млн теңгеге сатқан. 

– Бұл ретте прокурорлық тексеру барысында тағайындалған сараптама кешеннің нақты құны сатылған бағасынан ондаған есе артық екенін анықтады. 

Сот прокурордың талап арызы бойынша сауда-саттық және одан кейінгі сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды, – делінген облыстық прокуратураның мәліметінде. 

Қазіргі уақытта меншік иесінің құқықтарын жою және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.