Нариман Құрбанов Президентпен кездесуге неге қатыспағаны белгілі болды

Бүгін Қазақстан Президенті Париждегі Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесу өткізді.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Олимпиада жүлдегерлерінің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуіне қатыспады. Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли оның не себепті шараға қатыспағанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Қазақстан Президенті Париждегі Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесу өткізді. Гимнаст Нариман Құрбанов іс-шарада түсірілген фотосуреттерден көрінбеді.

"Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде өткен 33-Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларға мемлекеттік наградаларды табыс етті, өкінішке қарай, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов сырқатына байланысты салтанатты шараға қатыса алмады. Оның тезірек сауығып, жаңа спорттық жетістіктерге жетуіне тілектеспіз", - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі сәл ертерек өтуге тиіс еді. Бірақ спортшыларда COVID-19 анықталғандықтан кейінге қалдырылды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.