Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраров өзіне қатысты дауға нүкте қойды

Еске салсақ, бұған дейін Әнару Құрманәлі есімді ару өзін боксшы Жанқош Тұрартың зорлағанын айтып, полицияға шағымданған еді.

Боксшы Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды, кейіннен Жанқош Тұраровтың адвокаты боксшының Құрманәлиеваны танитынын растады. 

"Бұл лас әңгіме мені әбден шаршатты. Арызданушымен интимдік қатынас былай тұрсын, ешқандай қарым-қатынасым болған жоқ, нүкте”, – деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.