Халыққа қызмет көрсету орталығы 30-31 тамызда қалай жұмыс істейді?

Конституция күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар мамандандырылған орталықтар 30 тамызда жұмыс істемейді.

Конституция күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар мамандандырылған орталықтар 30 тамызда жұмыс істемейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Айта кетейік, 31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты 9:00-ден 13:00-ге дейін”, – делінген “Азаматтарға арналған үкімет” АҚ таратқан хабарламада.   

Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес сағат 9:00-ден 18:00 аралығында, кезекші ХҚКО-лар 20:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9:00-13:00 аралығында жұмыс істейтін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.