Алматыдан 836 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 836 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

29 тамызда Алматыдан 836 шақырым жерде жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 29 тамызда Астана уақытымен 10 сағат 56 минут 46 секундта жер сілкінісін тіркеді.

 «Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 836 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан», – делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.