"Өмірде ең жаманы – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі": Жанқош Тұраровтың әйелі көпшіліктің сұрағына жауап берді

Желі қолданушылары видеоның астына күйеуін айыптаған қызға қатысты не ойлайтынын да сұраған.

Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, күйеуіне тағылған айыпқа сенбейтінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“8 жылда күніне 1 045 рет қоятын сұрақтарыма автоматты түрде жауап айтатын болған. “Жан деп бастасам болды: “Мен сені жақсы көремін, сенен ажыраспаймын, сен өліп қалсаң, басқа ешкімге үйленбеймін” деп айтады. Ең жиі қоятын сұрақтарыңыз қандай? Жігіттеріңізге жіберіп отырыңыздар”, – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары видеоның астына күйеуін айыптаған қызға қатысты не ойлайтынын да сұраған.

“Өмірде ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі. Сіздей қызды не үшін айырбастаған?” деген сұраққа блогер де үнсіз қалмады.

“Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз енді. Ең болмаса сөзінің ұйқасын таппай қалдық қой”, – деп жауап берді Клара Иса. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.