Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль түсті

Парижде қазақстандық мерген Еркін Ғаббасов күміс медаль жеңіп алды.

Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, –- деп хабарлайды Aikyn.kz.

Финалда R1 класында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Алтын медальді 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медальді 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.