Паралимпиада ойындары: Нұрлан Домбаев жұбаныш белдесуінде сынға түседі

Ол 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 класында Иран спортшысы Алиреза Бахтпен кездесті.

Паралимпиада ойындарының пара таэквондодан ширек финалында Нұрлан Домбаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 класында Иран спортшысы Алиреза Бахтпен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қызу тартыстың нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы 7:5 есебімен жеңілді.

Енді Нұрлан қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде бағын сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.