Нұрлан Домбаев қола жүлде үшін күреседі

Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 22:50-де өтеді.

Паралимпиада ойындарында пара таэквондодан Нұрлан Домбаев қола жүлде үшін күреседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 санатында сынға түскен Нұрлан Домбаев Коста-Рика спортшысы Молина Андреспен  кездесіп, жұбаныш жекпе-жегінде 18:5 есебімен жеңіске жетті. 

Енді Нұрлан Паралимпия ойындарының қола медалі үшін күреседі. 

Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 22:50-де өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram    арнасынан таба аласыз.