Атырауда ерлікпен қаза тапқан полицей Шалқар Ақымғалиев оқыған мектепте кадет сыныбы ашылды

Сыныптың ашылу рәсіміне Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев, Шалқар Ақымғалиевтің анасы Ләззат Мұқанова мен інісі Мейіржан Көшкінбайұлы қатысты.

Қызмет бабында қайтыс болған полицей Шалқар Ақымғалиевтың атына кезінде өзі оқыған Береке орта мектебінде кадет сыныбы ашылды.

Тәлім-тәрбиесі, мақсаты ауқымды шарада өзгенің өмірін құтқарып, ерлікпен қаза болған полицей Шалқар Көшкінбайұлының өмір жолы, ерлігі, қызмет атқарған жылдары туралы деректер айтылды. 

Кадет сыныбының алғашқы мүшелері өз Отанының қорғаушысы болуға, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытудағы алғашқы сабағын бастап кетті.

Қазіргі таңда Атырау облысында ержүрек полицей Шалқардың атына өзі оқыған мектептен бөлек Индер, Жылыой және Махамбет аудандарында кадет сыныптары ашылған.

Баян Жанұзақова

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.