Камчаткада тікұшақ құлаған жерден 17 жолаушының денесі табылды

Әуе көлігі федералды агенттігінің мәліметі бойынша, бортта барлығы 22 адам болған: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы.

Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Камчаткада Ми-8 тікұшағы құлаған жерден 17 адамның денесін тапты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Қазіргі уақытта 17 мәйіт табылды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті. Әуе көлігі федералды агенттігінің мәліметі бойынша, бортта барлығы 22 адам болған: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы. Кейін құтқарушылар ұшақ қалдықтарын әуеден тапты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.