Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған "ҚазАвтоЖолдың" экс-төрағасына қатысты тергеу аяқталды
457
оқылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін айыпталып, ісі сотқа жолданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды.

– Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында. 

Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.