Астанада көпқабатты үйдегі өрт кезінде қыз лифтте қамалып қалған

Электр қуатының үзілуіне байланысты лифт үшінші қабат деңгейінде тоқтап, ішінде адам қамалып қалған.

Елордалық құтқарушылар өрт кезінде бір адамды құтқарып, екі адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Сарыарқа ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында электр қалқаны жанған. Электр қуатының үзілуіне байланысты лифт үшінші қабат деңгейінде тоқтап, ішінде адам қамалып қалған.

Шақыру орнына барған өрт сөндірушілер лифт есігін ашып, қызды құтқарды. Сондай-ақ екі тұрғынды жоғары қабаттардан эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.