Астанада күн салқындағанымен, жазғы демалыста ашық табиғатта, теңіздің жағасында жүріп шаршау сезімін көпшілік ұмыта қоймаған шығар. Ондай шаршаудың себебін ғалымдар тапты.
Күн сәулесінен адамның шаршау себебін ғалымдар тапты
Аптап ыстықта ағзаны Күн сәулесінен сақтау керек. Фото freepik.com сайтынан алынды
2,774
оқылды

Aikyn.kz америкалық bgr.com сайтына сүйеніп, Күн сәулесінің әсерінен адамда пайда болатын шаршау сезімінің себебін түсіндіреді.

Суды көп ішу күннен шаршауды болдырмауға көмектеседі. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: Adobe / Anton

Күн астында біраз уақыт жүрген соң, ешқандай жұмыс істемесе де адамда шаршау сезімі пайда болатынын көпшілік жақсы біледі. Мұндай сезімді хауыздың (бассейн) жанында демалсаңыз да, аулада жұмыс істегенде немесе тіпті теңіз жағасында қыздырынып жатсаңыз да бастан кешіресіз. "Ыстық кездері Күннің сәулесі адамның денесін неге сонша шаршатады?" деген сұраққа өте жақсы ғылыми түсініктеме берілді.

Біраз уақыт күн астында болғаннан кейін адам шаршай бастайды. Фото freepik.com сайтынан алынды

Байқасаңыз, күн сәулесіне шықсаңыз, сіздің ағзаңыз денені салқындатуға жұмыс істей бастайды. Мұндай жұмыстағы негізгі әдістердің бірі – тер шығару. Аптап ыстықта сіздің денеңіз жылдам тыныс алуды қажет етеді, бұл жүрек соғу жиілігін арттырады. Осының бәрі денеңізден көбірек энергияны жағуға жұмылады да, сіз біршама уақыт күн астында болғаннан кейін шаршай бастайсыз.

Күннен шаршау қауіпті болмаса да, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Фото bestmed.co.za сайтынан алынды

Күннен шаршау негізінде қауіпті болмаса да, бұл процес бақылаудан шығып, әлдеқайда ауыр салдарлары болуы мүмкін. Төтенше жағдайларда, біздің денеміз тиімді салқындай алмаса, ыстыққа байланысты жарақаттар алып немесе гипертермия немесе ыстық соғып ауырып қалуыңыз мүмкін. Бұл қауіпті жағдай және өзіңіздің жайсыз сезінсеңіз, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Күннің астында жүргенде шаршаудың тағы бір себебі – ағзаның суды жоғалтуы.  Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Constantinis

Күннің астында жүргенде денеңіздің шаршауының тағы бір себебі жылу мен булану салдарынан ағзаның суды тез жоғалту болуы мүмкін. Бұл адамның сусыздануға бейім екенін білдіреді, сондықтан жеткілікті мөлшерде су ішпесе адам денесі әдеттегіден әлдеқайда көп шаршайды.

Сонымен қатар ыстық күндері алкогольді және кофеинді сусындар ішіп, күннің астында болу да ағзадағы су теңгерімін (баланс) бұзады.

Мұның бәрін күннің астында жүргенде есте сақтау керек. Суды көп ішу және денеңізді салқындатуға көңіл бөлу мидың жұмысын баяулатып, дененің шамадан тыс қызып кетуін және күннен шаршауды болдырмайды. Бұл әдістер аптап ыстықта бірнеше сағат қатарынан болғанда да өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі. Аптап ыстықта денеңізді күн сәулесінен қорғау, әсіресе, соңғы жылдары біз бастан кешіріп жатқан климаттың өзгеруінен жиілеген ыстық толқындарынан қорғану үшін де маңызды.

Төменде ыстықтан емес, еңбектен шаршаған бүгінгі жастар туралы әзіл видео ұсынылады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.