Орал тұрғыны әйелінің жалаңаш суреттерін туыстарына таратып жіберген

Батыс Қазақстан облыстық сотында ерлі-зайыптыларға қатысты іс қаралып жатыр.

Оралда әйелінің интим суретін туыстарына жіберіп, ақша бопсалаған ер адам сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Соттың мәліметінше, некеде болғанда әйел күйеуінің сұрауымен оның WhatsApp нөміріне өзінің интимді суреттерін жіберген.

"Араларында болған жанжалдан соң әйел ажырасқысы келетінін айтып, сотқа жүгінді. Ал күйеуі ажырасуға келісім бермеген. Ол әйелінен ақша бопсалап, жалаңаш суреттерін таратып жіберемін деп қорқытқан. Содан кейін әйелінің интимді суреттерін WhatsApp арқылы қайын атасына және өзге де туысқандарына жіберген, – деп жазды соттан.

Сот істің барлық материалдарын зерделеп, сотталушыны Қылмыстық кодекстің 2 бабы – «Бопсалау» және «Жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу» бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.