Павлодарда бүлдіршінді көлік қағып кетті

2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Павлодарда бүлдіршінді көлік қағып кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, кеше сағат 00.50 шамасында 2020 жылғы туған баланы көлік қағып кеткені жайлы хабар келіп түскен. Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылды. 

"Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, бөлімде ем қабылдап жатыр",  деп хабарлады аурухана.