Әкем аман қалды: Жахан Отарғалиев такси жүргізушілеріне үндеу жасады

Тосын оқиға Атырау-Орал тасжолының бойында болған.

Белгілі шоумен, актер Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатынан аман қалғанын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды”, – деп жазды актер. 

Одан кейін әкесінің жағдайынан хабар беріп, аяғында ісік пайда болғанын жеткізді. 

“Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін!”, – дейді шоумен. 

Айта кетейік, енді Қазақстанда жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интеллект шығаратын болады.