БҚО-да жасөспірім жүргізген көлік апатқа ұшырады

БҚО-да жасөспірім Toyota Camry көлігін жүргізіп, аударылып қалған.

Батыс Қазақстан облысының ауылында Toyota Camry автокөлігін жүргізген жасөспірім апатқа ұшырады, - деп жазады Aikyn.kz. 

Полицияның жергілікті басылымдарға берген мәліметінше, 16 жастағы жүргізуші көлік құралын басқара алмай, аударған. Апат салдарынан жасөспірім жарақат алды.

Оқиға фактісі бойынша кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 36 920 теңгені құрайды.

Көлік иесі де жауапкершілікке тартылды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы  («көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға беру») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл салынады.