Елдос Сметовке Астанадан үш бөлмелі пәтер берілді

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Құрметті қазақ елі. Бүгінгі таңда ҚР Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек ағамыз Олимпиададан алған жүлдеміз үшін марапаттап, өзінің құрметін көрсетті. Жеке басымнан Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев мырзаға жеке алғысымды білдіремін. Осы Олимпиада ойындарына барғанда маған үлкен сенім артқан, менің қандай да бір нәтиже көрсетуіме жауапкершілікті өзінің мойнына алған, үнемі қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істеген жеке бапкерім Ғалымжан Жылгелдиевке өзімнің рақметімді айтқым келеді. Осы уақытқа дейін мені қолдап жүрген ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, министрліктің басшысы Ербол Қуантайұлы ағамызды жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймын. Осы жолда маған көрсеткен қолдауларыңыз үшін ерекше алғыс! Алдағы уақытта жетістіктеріміз мол, жеңісті күндеріміз көп болады деп сенемін.Мемлекетіміздің көк байрағы желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деп жазды Елдос Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов – дзюдодан барлық әлемдік атақты иеленген жалғыз қазақстандық спортшы. Ол әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпиаданың күміс, қола және алтын жүлдегері атанған. 

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында  алған сыйлықтарын не істегенін айтқан болатын.

Кеңес Рақышев Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады.  Елдос Сметовке Жамбыл облысының әкімі Lexus 600 көлігі мен 5 бөлмелі пәтер сыйлады.

Ақтөбелік кәсіпкер Елдос Сметовке 100 жылқы сыйлайтынын айтты. Елдос Сметов Париждегі Олимпиада чемпионы болғаны үшін  қанша көлемде сыйақы алады?

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.