Қарағандыда ер адам жалаңаш күйінде көшеге шығып, жұртты шошытты

Көшедегілер дереу полиция шақырды.

Қарағанды облысының Майқұдық ауданында 38 жастағы ер адамның көшеге жалаңаш шыққаны тұрғындарды шошытты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Патриот" ақпарат көзі жазғандай, қала тұрғындарын таңғалдырғаны ер адамның жалаңаштығы ғана емес, оның суық ауа райына шыдамдылығы болды. Оқиға кезінде Қарағандыдағы ауа температурасы 10-12 градус шамасында болған.

Көшедегілер дереу полиция шақырып, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, оның жеке басын анықтау үшін бөлімшеге жеткізді.

«38 жастағы ер адам Қарағанды облыстық психоневрологиялық диспансеріне жатқызылды», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.