Бірінші курс студенттері қыркүйекте стипендия алмайды

Қаржы орталығы 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінің 1-курсында білім алушыларға биылғы қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясы 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген қағидаға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазан айының ішінде төленетінін хабарлады.

«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы 1-курс студенттерінің стипендиясы кешіктірілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қаржы орталығы 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінің 1-курсында білім алушыларға биылғы қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясы 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген қағидаға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазан айының ішінде төленетінін хабарлады.

"Сондай-ақ жаңадан түскен медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленетінін еске саламыз. Төлемдер айдың аяғында (қазанда) жасалады. Ауыспалы курс студенттерінің контингентіне (барлық басқа студенттерге) қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асады, яғни стипендия қыркүйек айының соңына дейін түседі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биылғы оқу жылынан бастап студенттердің стипендиясы өсті.

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтарына — 43 574 теңге, орта буын мамандары үшін — 41 896 теңге болды.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.