Аударыспақтан ұлттық құраманың барлық спортшысы финалға өтті

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының барлық спортшысы финалға өтті.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының барлық спортшысы финалға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарысқа 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Мажарстан, Қытай, АҚШ және Ресей.

Қазақстан намысын қорғап жатқан Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев финалға өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.