Танымал блогер Мұрат Әбділда бостандыққа шықты

Блогердің адвокаты Молдахан Әділетхан әншінің анасымен қауышқанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желі арқылы танылып, әуесқой әнші атанған Мұрат Әбділда бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Алматы-Шымкент бағытына ұштық. Мұрат Әбділданы шығарып аламыз”, – деді заңгер жеке парақшасында. 

Сонымен қатар желі жұлдызын күтіп алуға анасы мен “Миллион” командасының жігіттері келген. 

“Мен – Мұрат Әбділда. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шықтым”, – деді блогер-әнші.