Ұлттық құрама көк бөріден Түркия командасын жеңіп, финалға шықты

Финалда Қазақстан Қырғызстанмен кездеседі.

Көк бөріден Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан командасы Түркия құрамасын 15-1 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды. 

Финалда Қазақстан Қырғызстанмен кездеседі. Ресей мен Түркия командалары үшінші орынға таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.