Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақтөбе облысында құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады
612
оқылды

Оқиға Хромтау қаласында, Есет батыр көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иілгіш жалғағыш газ шлангінің герметизациясының бұзылуынан табиғи газ жанған.

– Құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 15 бала. Өрт сөндірушілер газды жедел жауып, алау жануын тоқтатты, – делінген хабарламада. 

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтар мен жағдайларды уақытында жоюды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.