Алматы облысының полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті (видео)
879
оқылды

Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап, спринтердің үстіне түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

12 қыркүйек күні Yutong Bus автобусының жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолының 25 шақырымында бұрылу маневрін жасап, рөлді басқара алмай, қоршауға соғылып, көпірден құлаған. Содан кейін Mercedes Benz Sprinter-дің артқы жағына түскен.

Апат кезінде автобус жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.

Ал автокөліктер арнайы автотұраққа қамалды.

Алматы облысының полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.