Ұшқыр бәйгеден барлық жүлдені қазақтар алды.
Ұшқыр бәйгеде қазақстандық жүйріктер үздік атанды
709
оқылды

Ұшқыр бәйгеден 2400 метр және 3200 метр қашықтықтағы жарыстың жеңімпаздары анықталды. Бұл жолы да барлық жүлде қазақстандық жүйріктерге бұйырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ұшқыр бәйгеден 2400 метрлік аралықта шапқан 5 дөненнің (3 жасқа дейінгі) арасында желтұяғы анықталды. 

2400 метрге шапқан сәйгүліктер арасында да алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығын алғашқы болып «Берил Рэйсер» келсе, екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді. 

1-орын: Берил Рэйсер, жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, ат иесі – Бахтияр Байзақов (Қазақстан). 

2-орын: Адай, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев, (Қазақстан);

3-орын: Роузлайн, жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Қарабай КФХ (Қазақстан).

Ұшқыр бәйгеден 3200 метрлік жарыс жолына шыққан дөненнен жоғары жастағы (4 жасар және одан жоғары) аттардың арасында жүйрік анықталды. 

3200 метр қашықтықта сынға түскен 7 сәйгүлік арасында алғашқы үштікті тағы да Қазақстан жүйріктері ұтты.

Мәре сызығын бірінші болып «Лайф’с Э Бриз» кессе, екінші орынды «Уэст Кост Найт» иеленсе, үздік үштікті «Аляска Тайгер» түйіндеді. 

1-орын: Лайф’с Э Бриз, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері және ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан); 

2-орын: Уэст Кост Найт, бапкері – Жусупов Даурен, ат иесі Жусупов Даурен ат иесі Карабай КФХ,(Қазақстан);

3-орын: Аляска Тайгер, жокей әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).

Бұған дейін ұшқыр бәйгеден 1600 метр жеңімпаздары анықталғаны туралы хабарлаған едік.