Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Келестегі сұмдық оқиға: оқушы қыз бен анасын өлтірген адам ұсталды
Фото: ҚР ІІМ
787
оқылды

Сарыағаш қаласы Келес ауданы Амангелді ауылында бір үйдің екі адамын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деді облыстық полициядан.

Түркістан облысының Полиция департаменті «күдікті бұрынғы мұғалім болды және 16 жастағы қызды өлтірмес бұрын зорлаған» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Еске салсақ, бүгін әлеуметтік желіде Келес ауданында болған сұмдық жағдай туралы ақпарат шықты. Онда 30 жастағы ер адамның 16 жастағы қыз бала мен оның анасын кірпішпен ұрып өлтірген деп жазылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.